«balapan» көрермендерін жаңа маусымда не күтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін бүлдіршіндер телеарнасы «balapan»-ға 8 жыл толды. Туған күнге орай ұйымдастырылған мерекелік кеште телеарнаның бас продюсері Сандуғаш Баймаханқызы жаңа маусымда кішкентай көрермендерді қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын ҚазАқпарат тілшісіне әңгімелеп берді. 

«Үстіміздегі жылы «balapan» телеарнасы 50-ден астам жобаны жүзеге асырды. Телекөрілім зерттеулерін, балалардың күнтізбесін, көрермендер пікірін ескере отырып, маусым айынан бастап телеарнаның көрсетілім сеткасына айтарлықтай өзгерістер енгіздік, яғни 4 блокты бағдарламалауды 2 блокты жүйеге ауыстырдық. Бұл өз кезегінде эфирдегі телеөнімдердің қайталануын қысқартты. Нәтижесінде, арнамыздың рейтингінде тұрақты өсім байқалды», - дейді «balapan» телеарнасының бас продюсері Сандуғаш Баймаханқызы. 

Күзгі маусымдағы жаңалықтардың бірі - қазақ күйлеріне негізделген 20 фильмнен тұратын «Қоңыр қаз» туындысы көрермендер назарына ұсынылды. Және Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде еліміздің 80-нен астам тарихи ескерткішін қамтып, 20-дан астам нысанның 3D моделін жасаған «Жұмбақ жер» телеэкспедициясы жүзеге асты.

null  «Біздің көрермендер «шетелде супермен, темір адам секілді балалар еліктейтін қаһармандар бар, ал бізде не бар?» деп жиі сұрайды. Осыған байланысты еліміздің белгілі аниматорлары, этнограф және балалар жазушыларымен ақылдасып, біріге жұмыс жасау нәтижесінде өзіміздің ұлттық қаһармандардан анимациялық мультсериалдар жасап шығардық және ол санаулы күндерден соң бүлдіршіндерді қуантады. Осылайша «balapan» телеарнасы тұңғыш рет анимациялық ұлттық қаһарман жасау идеясын жүйелі түрде жүзеге асыруда», - дейді бас продюсер. 

Одан бөлек, «Алтын қазық» этнотанымдық реалити шоуы, ұлттық би өнеріне құрылған «Қос алқа» және ұлттық өнерімізді ұлықтайтын «Үйрен де жирен» жобалары түсіріліп жатыр. 

null«Сонымен қатар, балалар телеарнасы шетелдің озық кинокомпанияларының анимациялық өнімдерін кәсіби дубляж жасап, қазақ тілінде ұсынады. Атап айтсақ, биыл атақты «Дисней» компаниясының 30-дан астам толықметражды фильмін ана тілімізде дубляждап көрсете бастадық. Әлемдік рейтингтерде алғашқы орындарда тұрған мультхикаялар да - біздің эфирімізде», - дейді С.Баймаханқызы. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Астанада «balapan» телеарнасының 8 жылдық туған күніне орай балаларға арналған мерекелік концерт өтті. 

 

Соңғы жаңалықтар