+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Баланы зорлап, өртеп жіберген жамбылдық өмір бойына түрмеге тоғытылды

2019 жылғы 13 қараша 15:55
Бөлісіңіз:
Баланы зорлап, өртеп жіберген жамбылдық өмір бойына түрмеге тоғытылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қаратау қаласында 8 жасар қызды өлтіру ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау Жамбыл облыстық Прокуратура басқармасының прокуроры, мемлекеттік айыптаушы Ғани Құрмановтың, сотталушы мен жәбірленуші адвокаттарының, сотталушы мен жәбірленушінің заңды өкілдерінің қатысуымен өтті.

Күдікті Ж. Байділдаев ҚР азаматы, Қаратау қаласының 37 жастағы тұрғыны, еш жерде жұмыс істемейтін, үйленген, бұған дейін «Ұрлық» бабы бойынша істі болған. Қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері жеті томды құрады. Сотталушы жыныстық зорлық-зомбылықтың екі эпизоды бойынша айыпталды: ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмағанға қатысты кісі өлтіру), сондай-ақ 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі (2013 жылғы оқиғаға қатысты) бойынша.

«Бүгін Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 8 жасар Аруай Берікті өлтіру ісі бойынша үкім жарияланды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Прокуратураның сотталушыны өмір бойына қамау туралы талабы толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлады Жамбыл облысы Прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Талас ауданы Қаратау қаласының кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны жоғалып кеткен болатын. Келесі күні қала сыртынан жоғалған қыздың мәйіті табылып, Полиция департаменті қылмыстық істі «Кәмелетке толмағанды өлтіру» бабына ауыстырды. Аса ауыр қылмысты ашуға Ішкі істер министрлігінің, Жамбыл облысы Полиция департаментінің, прокуратура және тағы басқа күш құрылымдарының тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылған болатын. Бірнеше күннен кейін қылмысты жасады деген күдікпен Ж. Байділдаев ұсталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT