Баланы ұрып тәрбиелеуге қарсымын – депутат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IX Азаматтық форумда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасының негізгі мақсаттарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қаралады дегенде, тұтас қоғам серпін алды деуге болады. Бұл отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардың қандай маңызды екенін тағы да көрсетеді. Әр адам өз отбасының сақталып қалуын, жеке шегі болғанын қалайды. Мен баланы шапалақпен ұруға қарсымын. Баланы қатыгездікпен тәрбиелеуді дұрыс деп санамаймын», - деді депутат IX Азаматтық форумның «Азаматтық қоғам зорлық-зомбылыққа қарсы» алаңында.
Оның айтуынша, отбасындағы қатал тәрбие мен мейірімсіздік балалардың өз-өзіне қол жұмсауы секілді қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін.
«Соңғы зерттеулер көрсеткендей, үйде ұрып-соғатын балалардың 25%-ы жәбірлеуші болып шығады. Қаншама балалардың суицидтен көз жұмғанын да білеміз. Суицидтің басты себебі не – көбінесе отбасындағы жағдай, тұйықтық, қатал тәрбие. Мен дағдарыс орталығына келетін әйелдерді көрдім, таяққа жығылған ана, үрейленген балалар. Балалар дағдарыс орталығында көңілдері жайланып, ешкім оларға айқайламайды, жағдайын жасайды. Бұл балалар өз үйінде дәл осындай жағдайда өсуі тиіс еді. «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасының негізгі мақсаты – тұрмыстық қорлық-зомбылық оқиғаларын азайту және агрессордың әрекетін шектеу», - деп түсіндірді И. Смирнова.
- Саяси реформалардың жаңа пакетінде оң нәтижелер болады - Бану Нұрғазиева
- Марат Бәшімов: Сот кадрларын іріктеу ісін әлі де жетілдіру керек
- Эльвира Әзімова: Азаматтық қоғам өзіне жауапкершілік алуға дайын
- Әкімдіктер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға барынша мүдделі болуы керек – Жеміс Тұрмағамбетова
-
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
-
Сапалы заңдар - ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты – сенатор Әлімжан Құртаев
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам