Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Баланы ұрып-соғу, мектепке жібермеу, қайыр сұрату ата-ана құқығынан айыруға себеп болады

2022 жылғы 10 маусым 22:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы азаматтардың қандай жағдайда ата-ана құқығынан айырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, оған мынадай жағдайлар себеп болуы мүмкін:

- ата-ана міндетін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;

- дəлелді себепсіз өз баласын перзентханадан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан алып кетуден бас тартса;

- өздерінің ата-аналық құқығын теріс пайдаланса (мысалы, баланы оқытуға қасақана кедергі келтірсе, балаларын қайыр сұрауға немесе ұрлыққа баулыса, баланы жезөкшелікпен айналысуға итермелесе, спирттік ішімдік немесе есірткі тұтынуға тартса);

- балаларына қатал қараса, оларға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық көрсетсе, оны жыныстық қылмысқа итермелесе;

- спирттік ішімдік немесе есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жəне соның аналогтарын пайдаланса.

Ата-ана өз баласының, жұбайының немесе отбасының басқа мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқығынан айырылады.

«Ата-ана құқығынан айыру сот тəртібінде, прокурордың жəне қорғаншылық немесе қамқоршылық қызметімен айналысатын мекеменің қатысуымен жүргізіледі» деп мәлім етті Бас прокуратурадан.


Автор:

Жанат Қапалбаева

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары