Баландин Испания чемпионатының рекордын жаңартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин жүзуден Испания ашық чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитет.

200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді - 2:09.31.

Бұған қоса, Дмитрий Испания чемпионатының рекордын жаңартты.

Сондай-ақ кеше 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин күміс жүлдегер атанды.

Тағы бір спортшымыз Әділ Қасқабай мен Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде финалға шықты. Ақтық сайыс бүгін өтеді.

Айта кетейік, жүзуден Ұлттық құрамамыз Малагадағы халықаралық жарыста маусымның басты додасы - Азия ойындарына дайындалуда.

null null 

Соңғы жаңалықтар