Баландин Испания чемпионатында екінші «алтын» жеңіп алды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин жүзуден Испаниядағы ашық чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат kazsport-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 50 метрлік брасспен жүзу жарысында қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені жеңіп алды. Финалда Дмитрий аталған қашықтықты 27.80 секундта жүзіп өтті. Қазақстандық тағы бір жүзуші Айбек Қамзенов 28.56 секунд көрсетіп, қола медаль еншіледі.

Естеріңізге салсақ, Баландин кеше 200 метрлік брасс қашықтығында алтын алған болатын. Оған дейін Әділбек Мусин 50 метрлік баттерфляй жарысында күміс медальға қол жеткізді.

null 

Айта кетейік, жүзуден Ұлттық құрамамыз Малагадағы халықаралық жарыста маусымның басты додасы - Азия ойындарына дайындалуда.

Соңғы жаңалықтар