Баландин Болгариядағы чемпионатта екінші алтынды иеленді

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Болгориядағы ашық чемпионатты екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Оның жетістігі - 100, 200, 50 метр қашықтыққа брасс тәсілімен жүзуде екі алтын, бір қола жүлде болды. 

Спортшы алғашқы алтынды 29 маусымда 100 метрге жүзуде алса, 2 шілдеде жарыстың соңғы күні екінші алтынға қол жеткізді. Дмитрийдің нәтижесі - 2 минут 14,19 секунд. Екінші орында тағы да бір қазақстандық спортшы - Айбек Қамзенов (2:16.55), үішнші - болгар Лачезар Шумков (2:18.22).

Бұдан кейін Дмитрий Баландин 14-30 шілдеде Будапештте (Венгрия) өтетін әлем чемпионатына қатысады. 

Соңғы жаңалықтар