Баламның еміне ақша керек: ШҚО-да алаяқ екі зейнеткерді тұзаққа түсірген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында екі зейнеткерді алдап соққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бесқарағай аудандық полиция бөлімшесіне 89 жастағы зейнеткер жүгінген.

Өз сөзінде ол бейтаныс ер адамның «отын әкеліп беремін» деп 55 000 теңге алғанын жеткізді.

Алайда ол сол күйі хабарсыз кеткен. Сондай-ақ полиция қызметкерлері тағы бір фактіні анықтады.

«72 жастағы зейнеткер өзін әңгімеге тартқан белгісіз біреудің «ұлымның еміне ақша керек» деп көмек сұрағанын айтты. Ойына еш секем келмеген ол алаяққа 20 000 теңге берген. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 45 жастағы ер адамды қолға түсірді. Белгілі болғандай, ол бұған дейін де сотталған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар