Баламалы қуат көздері өнімнің өзіндік құнын өсіруі мүмкін - Вице-министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баламалы қуат көздерінен өндірілетін энергияны қолдану Қазақстанда негізгі өнеркәсіптік өнімдердің өзіндік құнының өсуіне әкеп соғуы ықтимал. Мұндай болжамды елордадағы «Жасыл өсім» форумында Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазақстанда көмірсутекті шикізаттың қолжетімді әрі көмір қорының мол екені ескеріліп отыр. Қазіргі уақытта елімізде электр энергиясы мен жылуды, мұнай мен газды өндіруде негізінен көмір қолданылады. Себебі, бүгінгі күні баламалы қуат көздерінің технологиялары станцияларда көмір жағудан гөрі қымбатырақ. Сондықтан, баламалы қуат көздерінің технологияларына инвестиция салу арқылы бұл сала бәсекеге қабілетті бола түседі. Сол кезде ғана осы саланың жаппай даму даңғылына түскенін байқауымыз мүмкін. Өйтпеген жағдайда біз негізгі өнеркәсіптік өнімдердің өзіндік құнының өсу мәселесімен бетпе-бет келеміз. Сондықтан, біз ең алдымен экология мен өнеркәсіптік өсім мәселесінде жалпы үйлесімді экономикаға баса назар аударуымыз керек», - дейді Ақшолақов.

Вице-министр келтірген мәліметке сенсек, 2017 жылыөндірілген  «жасыл» энергияның көлемі - 1,1 млрд кВт/сағат. 2018 жылы баламалы қуат көздері бойынша қуаттылығы 140 мВт болатын тағы бірнеше өндіріс ошақтарын іске қосу жоспарланған. Жалпы, жоспар бойынша баламалы қуат көздерінің жалпы мөлшерін Қазақстанда 500 мВт-қа жеткізу көзделген. Қазіргі уақытта біздің елімізде 352 мВт болатын баламалы қуат көздерін қолданатын 508 кәсіпорын жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар