Баламалы деректер негізінде инфляцияға мониторинг жүргізіледі - Қуантыров

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Баламалы деректер негізінде инфляцияға мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баға белгілеуді бақылау, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеу» – іс-шаралар кешенінің төртінші бағыты. Аталған бағыт аясында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының, жанар-жағар май, көмір мен дәрі-дәрмектер бағасын тұрақтандыру іс-шаралары көзделген. Бұл ретте әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 15 пайыз сауда үстемесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі заңнамалық функцияны толыққанды іске асыруды қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылады. Сонымен қатар әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағаларына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қажет болған жағдайда жедел ден қою іс-шаралары қабылданатын болады. Табиғи монополиялар субъектілері жүргізетін сатып алу рәсімінің ашықтығын және олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданады», - деді Әлібек Қуантыров.

Оның атап өтуінше, «Жүйелі іс-шаралар» аясында баламалы деректер негізінде инфляцияға мониторинг жүргізу жоспарлануда. Респонденттерді дәстүрлі қағаз жүзінде зерттеп қараудан цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, компьютерлендірілген деректер жинау жүйесіне көшу жүзеге асырылады. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау халықтың әртүрлі санаттары үшін көрсетілетін коммуналдық қызметтер шығындарын сараланған өтеу тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады. Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар үшін қолжетімді қаржыландыруды ұсыну жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бірыңғай ақпараттық жүйе – «Ұлттық тауар өткізу жүйесін» құру жөніндегі жұмыс жалғасады.

«Орта және жоғары деңгейде өңдеп-жасалатын өнім шығару мақсатында ішкі нарық қажеттілігі үшін ел аумағында жеңілдікпен өндіріліп шығарылатын негізгі материалдарды жеткізу қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жоғары деңгейде өңдеп жасалатын тауарларға бас назар аудара отырып, экспорттаушыларды қолдау шаралары қайта қаралатын болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар