Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.39 EUR 431.71
RUB 6.11 CNY 55.88
Jańalyqtar

Балалық шақ ерекше сәттерімен есте қалуы тиіс - Күләш Шәмшидинова

2019 жылғы 1 маусым 11:40 2531
Бөлісіңіз:
Балалық шақ ерекше сәттерімен есте қалуы тиіс - Күләш Шәмшидинова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова бас қаладағы балалар мерекесіне орай өтіп жатқан мерекелік шеруге қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті балалар, бүгін міне тағы бір оқу жылын аяқтап, жазғы демалысқа шықтық. Бүгіннен бастап еліміз бойынша мыңдаған лагерьлер сіздер үшін өзінің есігін ашады. Сондай-ақ, жаздай сіздерге арналған түрлі бағыттағы танымдық шаралар ұйымдастырылатын болады. Бүгінгі мереке бәрімізге ортақ, себебі бала қуанса, бәріміз қуанамыз. Бала бақытты болса, бізде бақыттымыз. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын бұл мерекелік шеруге осы үш жылдың ішінде еліміз бойынша 600 мыңнан аса жас жеткеншік қатысуда», - деді К. Шәмшидинова.

Сонымен қатар, білім министрі балалардың жарқын болашағы үшін әрбір қазақстандық үлес қосу керектігін айтып өтті.

«Әрбір оқушының балалық шағы ерекше сәттермен есте қалуы тиіс. Бүлдіршіндеріміздің болашағының бейбіт және жарқын болуы жолында біздер, қазақстандықтар, өз үлесімізді қосуға тиістіміз. Оның ішінде әрине білім берудің алатын орны ерекше, біз бұл тұрғыда білім беру жүйесін күн санап жетілдіру бағытында жұмыс істейтін боламыз», - деді ол. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай елордада балаларды қорғау күніне орай мерекелік шеру өтіп жатыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT