«Балалық шағымның аспаны», «Қыз Жібек», «Тақиялы періште», «Көшпенділер» және «Бәйтерек» фильмдері түрік тіліне аударылды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Ыстамбұлда Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің тапсырысымен түрік тіліне дубляждалған

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағын баяндайтын «Балалық шағымның аспаны» фильмінің тұсауы кесілді.

Іс-шараға Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Кемал Генч, Ыстамбұл қаласының басшылары, түрік ғылыми-академиялық, қоғамдық және бизнес топтарының, Түркиядағы қазақ диаспорасының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Эйюп ауданының мэрі Исмаил Кавунжу қазақстан-түрік қатынастары 20 жылдық кезең ішінде стратегиялық әріптестік рухында даму үстінде екеніне тоқталды. И.Кавунжу «Қазақстан  Президенті Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында бауырлас Қазақстан тұрақты саясаты мен дамыған экономикасы бар елге айналды», - деп атап көрсетті.

Өз сөзінде Түркияның Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Кемал Генч Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстардың даму деңгейін жоғары бағалап, түркі әлемінің лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағын баяндайтын фильмнің түрік тіліне аударылған нұсқасы түрік көрермендерінің көңілінен шығарына сенім білдірді.   

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев қазақстан-түрік қатынастары 20 жылдық кезең ішінде стратегиялық әріптестік рухында даму үстінде екеніне тоқталды және мәдени-гуманитарлық саладағы қатынастардың екі бауырлас халық арасындағы байланысты нығайтудағы зор үлесін  атап өтті. «Балалық шағымның аспаны» фильмі түрік жұртшылығына балалық шағы сұрапыл соғыс кезімен тұспа-тұс келген Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірімен жақыннан таныс болуға  мүмкіндік беретінін, сондай-ақ Елшілік тапсырысымен түрік тіліне аударылған «Қыз Жібек», «Тақиялы періште», «Көшпенділер» және «Бәйтерек» фильмдерінің де түрік көрермендерінде мол әсер қалдыратынына сенім білдірді. 

Рәсім шеңберінде қазақтыңсалт-дәстүрінесәйкес безендірілген киіз үй құрылып, қазақстан-түрік қатынастарының 20 жыл ішіндегі негізгі кезеңдері туралы суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Тұтасымен алғанда түрік жұртшылығы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың балалық және жастық шағын баяндайтын «Балалық шағымның аспаны» фильмін өте жылы қабылдады.

Ү.ж. 10 қазанда Стамбұлдың орталығы Таксим ауданында орналасқан Атлас кинотеатрында «Балалық шағымның аспаны»,  «Қыз Жібек», «Тақиялы періште», «Көшпенділер» және «Бәйтерек» фильмдері де түрік жұртшылығына көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар