Балаларына жауапсыз қараған 2 мыңнан астам ата-ана жазаланды
«Жазғы кезең басталып, оқу сабақтар аяқталғаннан кейін балалардың жарақат алу тәуекелі немесе оларға қатысты жасалатын құқыққа қайшы іс-әрекеттер біршама артып кетеді. Жасөспірімдердің немесе оларға қарсы жасалатын қылмыстарға тән негізгі себеп - бос уақыттың ұйымдастырмауы және отбасыдағы қолайсыз жағдай. Полиция есебінде 5 мыңнан астам жасөспірім және 7 мың қолайсыз отбасы тұр», - деді комитет төрағасының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Алексей Милюктің дерегінше, жыл басынан бері өз балаларына тәлім-тәрбие беруден жалтарғаны үшін екі мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар шамамен 300-і полицияның өтінішхатымен ата-ана құқығынан айырылды.
«Жасөспірімдердің заңды өкілдерінің қарауынсыз үй саналмайтын ғимараттарды және көңіл көтеру орындарында жүргені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген», - деді ол.