Балаларын Корея мен АҚШ-та оқытпақ болған ақтөбеліктер алданып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Балалары үшін қолында бар ақшасын берген ақтөбелік ата-аналар полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Корея мен АҚШ-қа оқуға түспек болған балалардың ата-аналары 24 жастағы қызға алданып қалған. Шетелдік грантты иеленгісі келген ақтөбеліктер 700 мыңнан 2 млн теңгеге дейін ақша берді.

"Ақтөбе қаласының тұрғыны ағайынды екі баланы АҚШ-қа грант негізінде оқуға жіберемін деп 780 мың теңге көлемінде ақша берген. Ақтөбе қаласында үш жәбірленуші анықталды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласында да бірнеше адамды алдап үлгерген, сол жақта қолға түсті", - деп хабарлады обдыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар