+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Балаларын буындырып өлтірген ерлі-зайыптылар өздеріне қол салмақ болған - қорғаушы

2017 жылғы 15 қараша 16:52
Бөлісіңіз:
Балаларын буындырып өлтірген ерлі-зайыптылар өздеріне қол салмақ болған - қорғаушы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда егіз ұлдарын буындырып өлтіріп, тоңазытқышқа тығып кеткен ерлі-зайыптылардың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

Эмиль Гильмутдиновтың қорғаушысы Сариев Амангелдінің айтуынша, ер адам үнемі шайтан судың ықпалында жүрген.

«Гильмутдинов Эмиль тергеу басталғалы бері кінәсін мойындап келеді. Балаларды күйеуі буындырып өлтірген. Ал оны әйелі білген. 5 тамызда Ташкенттен келгенде балаларды өлтірсем деген оймен келеді. Сосын пәтер жалдап, ойындағысын жүзеге асырған соң сол күні кешке дәмханаға барып әйеліне айтқан. Әйелі екеуі қосылып арақ ішкен. Арақтың кесірінен болып отыр ғой. Балалардың анасы қасында болмағанмен, бәрін білген. Сосын үлкен ұлды ертіп апарып Рамстор сауда үйінің қасында тастап кеткен», - деді қорғаушы Амангелді Сариев.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар артынан қандай қылмыс істегенін түсініп, Панфилов пен Гоголь көшелерінің қиылысында пәтер жалдап сонда өздеріне қол салмақ болған.

«Арақ ішкен. Газ плитасын ашық қалдырған. Бірақ аман қалып, ертеңіне полицияға өздері келді», - деді Амангелді Сариев.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптыларға қатысты психологиялық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде денсаулықтарында ешқандай ауытқу табылмаған.

Екеуі 2017 жылы танысқан екен. Азаматтық некеден тұңғыш ұлдары Равиль туады. 2016 жылы егіз ұл туған.

Балалардың биологиялық әкесі Эмиль болғанмен, азаматтық неке болғандықтан, куәлікте әкелері жазылмаған.

Отбасының табысы үш баланы асырауға жеткілікті болғанын айта кету керек.

«Олар күніне 5 000 теңге тауып отырған. Бұл жан бағуға жетеді ғой. Мәселе материалдық жағдайда да емес, бұл адамдардың түбіне арақ жеткен», - деді А.Сариев.

Басты сот отырысы 24 қараша таңертеңгі 10-ға белгіленді.

Судья Волченко мен Гильмутдиновтың журналистерді қатыстырмау туралы өтінішін ішінара қанағаттандырды.

Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға осыдан екі ай бұрын Түрксіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен өлі сәбилер табылды.

Екі ұл баланың өлімі механикалық асфиксиядан болғаны анықталды.

Кейін оларды туған әкесі Эмиль буындырып өлтіргені белгілі болды. Сосын мүрделерді тоңазытқышқа салып кеткен. Ер адам сотта істегенін мойындап, балалардың жылап ұйқы бермегенін айтқан. Бұл іске олар өзара келісіммен барған.

Кейін балалардың анасы Алла Волченко мен күйеуі үлкен ұлдары Равильді Самал шағынауданындағы аулалардың бірінде тастап кеткен.

Бала аулада 3 күн жүрген көрінеді.

2-3 жастағы Равильді Самал шағынауданындағы аулалардың бірінде адамдар тауып алып полиция шақырған.

Кейінірек полиция оларды мас күйінде тауып алған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT