Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйелдің жағдайы әлі де ауыр - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балаларын балконнан лақтырып артынан өзі секіріп кеткен әйелдің жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, 33 жастағы әйел мен 1,5 жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.

Қалалық ІІД баспасөз хашысы Салтанат Әзірбек хабарлағандай, қазір аталған дерек бойынша соталды тергеу істері басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Айта кету керек, оқиға өткен сенбі күні таңғы 9-да Сәтбаев-Бауман көшесінің қиылысында орналасқан үйде болған.

33 жастағы келіншек 5 қабатты үйдің балконынан екі қыз баланы лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ол балалардың анасы екен.

Салдарынан 8 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмса, 1,5 жасар бүлдіршін мен оның анасы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Қазір олар әлі есін жиған жоқ.

Соңғы жаңалықтар