Балаларымның аман екенін көргенде қатты қуандым - Арыстағы әскери қызметші

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында жарылыс болған күні перзенттерін таңертең еш қамсыз балабақшаға апарып тастаған әскери қызметші А. Өтешова дүрбелең туған кезде екі қыз, бір ұлын таппай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыс қаласының тұрғыны перзенттерін жарылыс болғаннан кейін іздеп жүріп әрең тапқан. Кейіннен сұрап білсе дүрбелең басталғанда бүлдіршіндер қауіпсіз жерге көшіріліп, Шардара қаласындағы «Балауса» балабақшасына жеткізілгені анықталған.

«Айтуға ауыз бармайтын сұмдық жағдайды бастан кештік. Ұл-қыздарым Дамирхан, Алина мен Сабинаны Шардара қаласындағы «Балауса» балабақшасынан алып, олармен қауыштым. Балаларыма өз баласындай қамқорлық танытқан шардаралық азаматтарға аналық алғысымды айтамын. Аналар баласын жоғалтпаса екен. Жан-жүрегім езіліп кетті. Балаларымның амандығын көргендегі қуанышымды айтып жеткізе алмаймын»,- дейді үш баланың анасы А. Өтешова.

Соңғы жаңалықтар