Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 7 °С
Алматы: 5 °С
USD 326.00 EUR 382.20
RUB 5.29 CNY 51.05
Жаңалықтар

Балаларға қатысты құқық бұзушылықтар азайған – зерттеу

2018 жылғы 15 ақпан 10:34 1272
Бөлісіңіз:
Балаларға қатысты құқық бұзушылықтар азайған – зерттеу

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы балаларға қатысты құқық бұзушылықтар үлесі төмендеді, алайда 2016 жылмен салыстырғанда балаларға қатысты ауыр қылмыстар біршама өсіп отыр (2017 жылы 1,75%, 2016 жылмен салыстырғанда 1,4%). 

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде науқас палатадағы көршісін буындырып өлтірді Семейде алаяқ зейнеткер баласыз әйелдердің 3 млн теңгесін алып кеткен

Балалар құқығын қорғау саласындағы жағдайды зерттеу аясында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ресми мәліметтеріне жүргізілген талдау негізінде Сандж зерттеу орталығы Қазақстанда балалардың толық қауіпсіздігі қамтылмаған деп хабарлайды.

Дегенмен ауырлығы орта құқық бұзушылықтар үлесі азайды (2016 жылы 0,5%, ал 2017 жылы 0,3%). Кәмелетке толмағандардың қатысуымен ерекше ауыр қылмыс түрлеріне жататын құқық бұзушылықтар көбейген - 16,6% (2017 жыл).

Мұндағы айта кетер жайт, соңғы үш жылда құқық  бұзушылық азайып келеді. Атап айтқанда, 2015 жылы 1% болса, 2016 жылы 0,7%-ға, 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында 0,6%-ға төмендеген, бірақ ерекше ауыр құқық бұзушылықтардың керісінше өсе бастағандығын атап өткен де жөн. 2016 жылы балаларға қатысты ерекше ауыр қылмыстар үлесі 2015 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға азайған (2015 жылы 20,2%, ал 2016 жылы 15,6%). Алайда 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында 1%-ға қайта көтерілгені байқалады (16,6%).

Аймақтар бойынша отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар 10 мың адамға шаққанда 1,84, Маңғыстау облысында - 1,24, БҚО және Павлодар облыстарында - 1,15. Ең жиі кездесетін өңірлер - ОҚО мен Атырау облысы. 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат