Балаларға қарсы 170 мың қылмыс жасалған- ЮНИСЕФ

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – 2010 жылдан бастап он жыл ішінде балаларға қарсы 170 мың қылмыс жасалған. Бұл туралы БҰҰ сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Әлемде болып жатқан соғыстың негізгі құрбандары – балалар. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің жыл мен онжылдықтың қорытынды есебінде жарияланды.

2010 жылдан бастап әлемде балаларға қарсы 170 мың қылмыс жасалған, орташа есеппен күніне 45 қылмыс. Бұған дейінгі он жылмен салыстырғанда үш есе көп. Сондай-ақ, 2018 жылы 12 мың кәмелет жасына толмаған бала жарақат алып, мерт болған. Бұл көрсеткіш 2019 жылы да жақсара қоймаған, тек алғашқы алты айдың өзінде балаларға қатысты 10 мың құқықбұзушылық тіркелген.

«Әлемде болатын қақтығыста балаларды қорғау ұмыт болады», - деп мәлімдеді ЮНИСЕФ-тың атқарушы директоры Генриетте Фор.

Оның сөзіне қарағанда, балаларға қатысты қылмыстың көпшілігі айтылмай қалады.


Соңғы жаңалықтар