Балаларға берілетін ата-ана қолхаты өзгертілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде кәмелет жасына толмаған балалар мен жасөспірімдер алыс жолға шыққанда жауапты адам ата-анасының қолхатын алуы тиіс. Оның заңдық күші бар. Бүгінде аталған міндет қайта қаралып, өзгеріс енгізілгелі жатыр. Бұл туралы Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында тілші «Өзіңіз білетіндей, балалар ата-әжесі немесе басқа да жақындарымен алыс жолда шыққанда міндетті түрде ата-анасының нотариуспен бекітілген қолхаты талап етіледі. Бұл адамның қолын байлайды. Осы процесті цифрландыру мүмкін бе?», деген сұрақ қойды.

Сауалға Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков пікір білдірді.

«Өзекті мәселе шынымен де. Біз бұл мәселені қазір қарап жатырмыз. Басқа мемлекеттерге қалай шешіліп жатыр деген сияқты. Келесі бір кездесуде сіз көтерген мәселеге қатысты жақсы бір ұсыныспен шығамыз деп ойлаймын», – деді министрдің орынбасары.

Бұған дейін Бекболат Молдабеков хабарлағандай, соңғы екі аптада 440 жұп мобильді қосымша арқылы неке қидырған.

Оның айтуынша, неке қиюдан басқа да мемлекеттік қызметтер бойынша мобильді қосымшаның көмегіне жүгінуге болады.


Соңғы жаңалықтар