Балаларға арналған жобалар акселерациядан өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл акселерация бағдарламасына балалардың бос уақытын өткізу орталықтары мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бірқатар жобалар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, биыл «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының» базасында өз ісін дамытуға, трансформациялауға және масштабтауға сұранысы бар ұйымдар үшін әлеуметтік жобалар акселераторы бағдарламасы іске қосылған болатын. «Өзгерістердің саруарлары» жобасының бірінші жылының қорытындысы бойынша 120 жобаның ішінен 20 үздік әлеуметтік бастама іріктелді. Акселерация барысында жобалар өз тәжірибелерін аймақтарға кеңейту үшін сараптамалық қолдау алды.

Солардың бірі –

    «Отбасылық аула клубы»
. «Замандас21» қоғамдық қоры жүзеге асыратын бұл жобаның арқасында отбасын қолдау, балалар мен ата-аналарды тарту арқылы балалардың бос уақытын тиімді өткізуге байланысты кешенді жұмыстар жүргізілген. Қор жетекшілерінің айтуынша, мұндай жоба бүгінде елімізде біреу-ақ. Яғни, шығармашылық, техникалық үйірмелерде, спорт секцияларында және тілдік курстар әр балаға қолжетімді. Сондай-ақ қорда ата-аналарға арналған «Бақытты отбасы» клубы, балаларға арналған «Жас көшбасшы» психологиялық-түзету тобы және жасөспірімдерге арналған клубтар бар.

«Замандас21» қоғамдық қорының жетекшісі Ләззат Алшынованың айтуынша, әлеуметтік жобалар акселерациясы оларға жоба моделін одан әрі жақсартуға мүмкіндік берген.

«Біз масштабтау жағдайында жобаны кезең-кезеңімен енгізу алгоритмін егжей-тегжейлі пысықтадық. Әсіресе команданы оқыту пайдалы болды. Болашақтағы жоспарларымыз өзгерген жоқ. Яғни, республика көлемінде дамып, өңірлерге шығуды көздейміз», – деп атап өтті Алшынова.

Әзірге жоба Нұр-Сұлтанда ғана жүзеге асырылып отыр. Бірақ келесі жылы қосымша екі клуб ашу жоспарлануда. Республика бойынша жеті отбасылық аула клубы жұмыс істейтін болады. Бұл тұрғыда Атырау, Алматы және Қарағанды қалаларында қызығушылық танытқан.

Акселерация бағдарламасының тағы бір жобасы –

    «Саламатты болашақ»
. Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының аясындағы «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры бжүзеге асырып отыр.

Олар дене шынықтыру және спорт арқылы мүгедек балаларды әлеуметтік оңалтумен айналысады. Осы орайда 2016 жылдан бастап Нұр-сұлтан қаласында инклюзивті және бейімделетін әлеуметтік секциялар желісі ұйымдастырылды. Жобаның арқасында 2020 жылы еліміздің 9 қаласында 560 бала спорттың 10 түрі бойынша жыл бойы жаттығулар өткізді.

«Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының директоры Нұргүл Ұлжекованың сөзіне сүйенсек, акселерация бағдарламасынан өту нәтижесінде жоба командасы фандрайзинг, әлеуметтік желілер үшін контент-жоспар құру, әлеуметтік кәсіпкерлік, жобалық менеджмент, тұрақтылықты қамтамасыз ету, компанияның беделін басқару және БАҚ-пен жұмыс мәселелері бойынша білімдерін жетілдірген екен.

«Жобаны аймақтарға кеңейту үшін бізге құқықтық мәселелер бойынша сарапшылардың кеңесі қажет болды. Өйткені, республикалық масштабқа өту үшін біз қоғамдық бірлестікті қоғамдық қор ретінде қайта құруымыз қажет. Сондай-ақ, акселерация барысында жобаны басқару, CRM жүйесін енгізу және франчайзинг мәселелері бойынша да білімдерімізді кеңейттік», - деді өз кезегінде Ұлжекова.

Келесі жылы Ақтау қаласында мүгедек балаларға арналған спорт секциялары ашылады және CRM жүйесін әзірлеудің арқасында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп жобаны басқару үшін инновациялық технологиялар енгізіледі деп жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар