Балаларға арналған жаңа жылдық костюмді қалай таңдаған жөн

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа жыл қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ата-аналарға жаңажылдық костюмді дұрыс таңдауға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнім қауіпсіздігіне жүргізілетін мониторинг шеңберінде 2019 жылдың 11 айында балалар мен жасөспірімдерге арналған киімнің және аяқ киімнің 1 545 үлгісі сатып алынып зерттелді. Оның ішінде «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін 889 сынама анықталды, бұл 57,5%. Оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімі - 253 (16,4%), басқа елдердің өнімі - 611 (39,5%), отандық өнімдер - 25 (1,6%)», - деп хабарлайды комитет.

Хабарламада айтылғандай, негізгі өнім қауіпсіздігін бұзушылықтарға таңбалау қағидаларын сақтамау - 89%, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу - 11% құрайды.

«Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріге оларды жою керектігі түсіндірілді», - делінген ақпаратта.

Балаларға арналған жаңа жылдық костюмдерді таңдау бойынша мынадай кеңес беріледі:

Жаңа жылдық киім ыңғайлы болуы, қатты ысытпауы және тоңдырмауы, қажамауы, қыспауы тиіс. Киімді дайындауға пайдаланылатын материал қауіпсіз болуы керек. Оның құрамында синтетика барынша аз немесе табиғи астарының болғаны дұрыс. Егер астары болмаса, костюмнің астына мақта-мата трикотаждан жасалған киімді кию керек. Бұл баланың терісіне үйкеліп жайсыздықты болдырмауға мүмкіндік береді.

Сапалы карнавалдық костюм, оның ішінде масканың бөтен жағымсыз химиялық иісі болмауы, сондай-ақ бояудың, жылтырлықтың іздерін қалдырмауы тиіс. Сатып алу алдында костюмнің бетін ақ матамен сүртіңіз. Егер бояу іздері қалса, бұйымның иісі өткір, беті жабысқақ, қауіпсіздікке және киімнің ыңғайлылығына әсер ететін құрылымдық ерекшеліктері (өкшелері өте жоғары, көзге арналған тесік кішкентай, мұрынға немесе ауызға арналған тесіктердің болмауы, элементтері өткір, кескіш) бар болса, сатып алудан бас тартқан дұрыс.

Балаға арналған жаңа жылдық костюмді таңдаудағы айрықша талап – тігу сапасы мен фурнитурасының сенімділігі. Тігістері түзу болуы, денемен жанасатын резеңкелері мен ілгектері қажауды болдырмау үшін ішкі планкамен қорғалған болуы тиіс. Түймелері мен аксессуарлары, әшекейлері костюмде жақсы бекітілген болуы керек.

Бұйым туралы барлық ақпарат: дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның), импорттаушының атауы мен орналасқан жері, бұйымның атауы мен түрі (мақсаты), дайындалған күні, табиғи және химиялық шикізаттың түрі мен массалық үлесі (пайыздық құрамы), пайдалану процесінде бұйымға күтім жасау ерекшеліктері бойынша күтім жасау белгілері (қажет болған жағдайда), бұйымның өлшемі, теріні пайдалану кезінде - терінің түрі және оны өңдеу түрі (боялған немесе боялмаған) көрсетілуі керек таңбасының болуына міндетті түрде назар аударыңыз.

Сатушы тұтынушының талабы бойынша өнімнің қауіпсіздігін растайтын тауарға ілеспе құжаттамамен (сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларациясымен) таныстыруға міндетті. Бұл құжаттар мөрмен расталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар