Балаларға арналған ұлттық қолөнер орталықтары ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балалардың шығармашылық әлеуетін арттыру үшін ұлттық қолөнер орталықтары ашылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет жәнеспорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы балалар энергиясын дұрыс арнаға бағыттаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін балалар мен жастардың шығармашылық әлеуеті мақсатында өңірлерде ұлттық қолөнер орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Онда жас ұрпақ өкілдері шығармашылық және қолөнер негіздерін меңгеретін болады. Бүгінгі таңда осындай кешендердің бірі Жамбыл облысындағы «Шахристан» орталығы саналады. Бұдан басқа, Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті кешенінің базасында қолөнер орталығын ашу жоспарланып отыр. Осы орталықтардың жұмыс істеу тәжірибесін зерделегеннен кейін ел өңірлерінде қолөнер орталығы желісін кеңейту бойынша одан әрі жұмыс жүргізіледі»,- деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, балаларды шығармашылыққа жаппай тартудың осындай қағидаты бойынша республикалық және жергілікті деңгейдегі мәдениет ұйымдарында шығармашылық үйірме құруға бастамашылық жасалады. Бұл балаларды дамыту мақсатында бос уақытын тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп, талантты баланы ерте анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, мәдениет және өнер ұйымдарында белсенді ересектермен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдай іске асырылады.

«Осы мақсаттар үшін ең алдымен министрлік мәдениет ұйымдарына осындай құқық беру жөніндегі қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасау жоспарлануда», - деді Н.Дәуешов.


Соңғы жаңалықтар