Балаларға арналған спорт мектептері жеткіліксіз - Шолпан Каринова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балаларға арналған қосымша спорт мекемелері жеткіліксіз. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, балалардың басым көпшілігі мектептің жағдайындағы спортпен айналысады. Жалпы, Қазақстандағы 3,4 млн оқушы үшін аптасына үш сағаттық дене шынықтыру сабағы қолжетімді, яғни балалардың денсаулығын ескере отырып, үш сағатты қамтыдық. Екіншіден, спортпен секцияларда айналысу мәселесіне тоқталсақ, балалалар және жасөспірімдердің спорт мектептерінің саны жеткіліксіз екенін атап өтті. Сондықтан 965 мың бала мектептің жанындағы спорт секциясына барады. Өйткені оларға қосымша білім (спорт) мекемелері қолжетімді емес. Осы орайда басым жұмысты мектептегі дене шынықтыру мұғалімдері жүргізіп жатыр», - деді Ш. Каринова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырсында.

Оның айтуынша, мектептердің ішіндегі спорт секцияларының саны 45 мыңнан асады.

«Ал нақты спорт мекемелеріне тоқталсақ, олардың саны - 435. Ол жерде 346 мыңнан астам ғана бала қамтылған. Бұл өз кезегінде жеткіліксіз», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі отырыс барысында бұқаралық спорт өңірлердегі көптеген азамат үшін әлі де қолжетімді емес екені айтылды.

Ерлан Қожағапановтың сөзіне қарағанда, былтыр еліміздің дене шынықтыру-спорт қозғалысына 5,9 млн адам қатысқан.


Соңғы жаңалықтар