Балалардың үйірме және спорт секциясымен қамтылу деңгейі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта спорт секциясына жазылу мемлекеттік қызмет ретінде жүзеге асырылады, бұл кез келген спорт секциясына мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жазылуға мүмкіндік берді. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №219 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Ал жеткіншектерге қосымша білім беруге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес (ҚР БҒМ 29.01.2016 ж. №122 бұйрығы), жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырысты жылына бекітілген бюджет қаражаты көлемінің шегінде орналастырады.

«Қосымша білім беру саласында барлық оқушыларға жалпы білім беретін мектептер базасында тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндік беру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. 1 343 000 оқушы (барлық білім алушылардың 39,5%) спорт түрлері бойынша 40 мыңнан астам спорт секциясында шұғылданады, оның ішінде 40 мыңға жуық секция тегін. Спорт секцияларына деген қызығушылыққа қатысты мектеп оқушылары арасында волейболға – 7268 спорт секциясы, шахмат - дойбы ойындарына – 6618, футболға – 6509, ұлттық спорт түрлеріне - 5478, баскетболға - 5326, тенниске - 3175, республика бойынша күрестің барлық түрлеріне 2055 спорт секциясы тартымды болып тұр», - деп аталып өткен Білім және ғылым министрлігі мәліметінде.

Атап айтқанда, биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 33 737-ден астам мектеп оқушысын үйірме және секциялық жұмыстармен қамту көзделген. Бұл мақсатқа қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына сәйкес, 1 балаға мемлекеттік тапсырыстың орташа құны айқындалады. Қолда бар ақпарат бойынша қазіргі уақытта бір балаға мемлекеттік тапсырыстың орташа құны 16 мың теңгеден асады.

Қабылданып жатқан шаралар есебінен барлық білім алушылардың жалпы санының 69,4 пайызын қосымша білім берумен қамту көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта «Білімді ұлт» Ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осы жоба аясында Павлодар, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстары қолданысқа енгізілді. Өзге облыстар мен қалаларда аталған жоба іске асырылатын болады.

«Е ң көп таралған үйірмелер көркем-эстетикалық , сондай-ақ үштікке күрес және басқа да спорт секциялары кіреді. Қысқы спорт түрлері бойынша мектеп жанынан ашылған 1958 секция жұмысын жалғастырып отыр, камтылған бала саны - 37 995. Мектептер жанында 1 214 768 (34,9%) білім алушыны қамтитын 75 мыңнан астам үйірме бар», - деп аталып өткен Білім министрлігі ақпаратында.

1 272 қосымша білім беру ұйымдарында 9 337 үйірме мен секция бар, оның ішінде тегін үйірмелер мен секциялар – 6 336, онда 803 027 (23,1 %) бала қамтылды.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша бүгінде оқушылар тегін қатысатын мектеп жанындағы спорт секциялары желісінің кеңеюі байқалып отыр.

Ведомство мамандарының атап өтуінше, жаңа оқу жылынан бастап дене тәрбиесі мұғалімдеріне секциялық жұмысқа қосымша ақы төлеуге байланысты жалпы білім беретін мектептерде спорт бағытындағы жұмыстың сапасы жақсарғаны байқалады. Мектептерде қосымша 27 мыңнан астам жаңа спорт секциялары ашылды.

«Министрлік осы бағыттағы жұмысты жалғастырады, осы мақсатта білім беру ұйымдарының спорт инфрақұрылымын дамыту және жақсарту бойынша шаралар қабылданады. Білім алушыларды спортпен 100 пайыз қамту әрі спорт секцияларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық балаларға сабақтан тыс спорт сабақтарын өткізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы енгізілді

(«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң ). Базалық лауазымдық жалақыға 19 742-ден астам педагог қосымша ақы алады. Қазіргі уақытта дене тәрбиесі педагогтарына қосымша ақы енгізу есебінен қосымша 749 368 баланы қамтитын 27 224 спорт секциясы ашылды», - деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сүйенсек, ата-аналардың сауалнамасына мониторинг өңірлер бөлінісінде спорттың 93 түрі айқындалғанын, олармен айналысу балаларға қызықты екенін көрсетті. Оның 83 пайызы орта білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылып жатыр.

Білім беру жүйесінде жыл сайынғы негізгі спорт іс-шараларының Күнтізбелік жоспары аясында ата-аналардың спорт секциясын таңдау қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында кемінде 45 спорт түрімен айналысу және дамыту үшін жағдайлар жасалады.

Ұлттық мектеп лигасына білім алушылардың мүдделерін ескере отырып, спорттың 10 түрі енгізілді (баскетбол, 3х3 баскетбол, волейбол, футбол, футзал, гандбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, жеңіл атлетикалық кросс).

«Қазіргі уақытта мектептердің 42 мыңнан астам спорт секциясында 1 млн 343 мың оқушы (немесе мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 39%-ы) айналысады. 2022 жылы ата-аналардың қалауын ескере отырып, мектептегі спорт секцияларының санын 70 мыңға дейін ұлғайту жоспарлануда. Соның арқасында 1,765 млн-нан астам (немесе мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 50%-ы) бала спорт секцияларымен қамтылады. Бұл шара оқушылардың сүйікті спорт түрлерін толық (100%) таңдауына ықпал етеді», - делінген БҒМ мәліметінде.

Мектептегі дене тәрбиесінің сапасын арттыру және білім беру ұйымдарында спорт секцияларының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданды. Қосымша 27 224 спорт секциясы ашылды.

Сонымен қатар, биылдың басынан бастап мектеп жасындағы балалардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар балаларға арналған қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс пен спорт бағытындағы тапсырысын іске асырып жатыр.


Соңғы жаңалықтар