+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Балалардың тұтыну себеті енгізіле ме – вице-премьер жауап берді

2021 жылғы 10 сәуір 17:06
Бөлісіңіз:
Балалардың тұтыну себеті енгізіле ме – вице-премьер жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов балалардың тұтыну себетін енгізу мүмкіндігі туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балаларға арнап жеке тұтыну себетін енгізу туралы депуттатық сауалға жауап берген вице-премьер бұл ұсыныстың қазір орынсыз екенін түсіндірген.

«Бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай табысты анықтау үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі қолданылады. Ол адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік өнімдерінің, тауарлар мен қызметтердің ең төменгі жиынтығын білдіреді. Оның мөлшері балаларды қоса алғанда жан басына шаққанда және халықтың жыныстық-жас топтары бойынша есептеледі», - деген Ералы Тоғжанов өз жауабында.

Оның айтуынша, қазіргі ең төменгі күнкөріс деңгейінің азық-түлік қоржынына тәулігіне 2175 ккал энергетикалық құндылықты қамтамасыз ететін тамақ өнімдерінің 43 атауы кіреді. Бұл тізім Тамақтану институтының ұсынымдарына және Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тамақтану талаптарына сәйкес жасалған.

«Осыған байланысты, балалар тұтыну қоржынын жеке есептеуді мерзімінен бұрын деп санаймыз», - деді Ералы Тоғжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT