Балалардың суға кету оқиғасы жиіледі - полицейлер

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық полицейлер соңғы кездері балалардың жиі суға кетуіне байланысты ата-аналарды балаларын суға шомылуға жібергенде сақ болуға шақырады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеше Ақмола облысы бойынша 2 бала мен 1 ересек адам суға кетті. Мәселен, Целиноград ауданындағы Р.Қошқарбаев ауылы маңынан 300 метр қашықтықта жатқан Нұра өзеніне 7 сыныпта оқитын қыз бала ағып кеткен болатын. Дәл осындай қайғылы жағдай Ерейментау ауданындағы Байсары ауылында тіркелді. Мұнда 5 сыныптың оқушысы Сілеті өзеніне шомылмақ болып суға батып кеткен.

Ал, Атбасар ауданында кешкі уақытта аудандық ІІБ-нің кезекшілік бөліміне учаскелік полиция инспекторы Жабай өзеніне Полтавка селосының 46 жасар тұрғынының суға кеткенін хабарлаған. Қазіргі кезде суға кеткен ер азаматтың мүрдесі судан шығарылып, мәйітханаға жіберілді.

Осындай қайғылы оқиғаларға байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері балаларды суға шомылуга жібергенде сақ болуға шақырады. Су жағасында ата-аналарының бақылауынсыз жүрген балалар болса, оларды жақын жердегі полиция бөліміне немесе қысқа "102" номері арқылы хабарлауды ұсынады.

Соңғы жаңалықтар