+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Балалардың маска тақпай жүруіне рұқсат беру: Әлемдік тәжірибе қандай

2020 жылғы 1 тамыз 12:04
Бөлісіңіз:
Балалардың маска тақпай жүруіне рұқсат беру: Әлемдік тәжірибе қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалардың маска тақпай жүруіне рұқсат берілді. Бұл шешім АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Франция, Польша, Германия, Испания және Сингапур сияқты елдердің тәжірибесіне сүйене отыр қабылданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтының телеграм каналына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда заңсыз саудадан 8,5 млн маска алынды Коронавирус: АҚШ-та 5 млн-нан астам адам науқастанып, Парижде көшеде де маска тағу міндеттеледі Вашингтонда болған атыстан бір адам қаза тауып, жиырмасы жараланды

«Америка Құрама Штаттарында маска кимеуге рұқсат етілген жас әртүрлі болады. Мысалы, Массачусетс, Иллинойс, Вермонт, Род-Айленд, Пенсильвания, Колумбия округі, Нью-Йорк қаласында 2 жасқа дейінгі балаларға, ал Делавэрада 11 жасқа дейінгі балаларға маска кимеуге болады», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Германияның көп аймағында 6 жасқа дейін, Саксония-Анхальтта 2 жасқа дейін маска тақпауға болса, басқа аймақтарында төменгі жас белгіленбеген.

«Австралияда 12 жасқа дейін, Ұлыбританияда 3 жасқа дейін, Испанияда - 3-5 жас аралығында маска тақпауға болады. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі маскаларды міндетті түрде киюге қатысты қабылданған нормаларға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады және 5 жастан асқан балалар маска кию керек деп шешті. Ережені әзірлеу кезінде ДДҰ ұсыныстары ескерілді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы елдің Бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған.

Кейіннен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, ол жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде дәмханаларжа, спортпен шұғылдану кезінде және басқаларында кию керек екенін айтқан болатын. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен елімізде 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпай жүруге рұқсат берілді.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT