Балалардың біліміне инвестиция салу қажет - Бауыржан Байбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәслихат депутаттарымен жиналыс өткізіп, биылғы жылғы қала бюджетін бөлуге қатысты есеп берді.

Қала басшысы білім сапасын арттыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың біліміне инвестиция салу қажет. Жақсы оқығандардың барлығы да грантқа оқуға түседі. Егер ата-аналары көңіл аударатын болса, онда балалар да жақсы оқитын болады. Бұл ретте сапалы білім беру де аса маңызды. Қалаға келетін адамдардың саны жыл сайын артып келе жатыр. Соған байланысты бюджетке және бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымға жүктеме ұлғаяды. Алматыда білім саласын қалалық бюджеттен қаржыландыру 5 жылдың ішінде 20 пайызға өсті. Біз әрбір тиын тиімді бөлінгенін қарап отырмыз. Үш жылдың ішінде 12 мектеп салынды. Осы жылы 900 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталады», - деді мегаполис басшысы.

Сонымен қатар Бауыржан Байбек қала төңірегіндегі білім ордаларында бала санының көптігі проблемасының бар екендігін ашық айтты.

«Қазіргі уақытта қала төңірегіндегі мектептердің лық толуына қатысты өткір проблема орын алып отыр. Ол жаққа көптеген тұрғындар қоныс аударады. Себебі ол жақта өмір сүру орталыққа қарағанда біршама арзан. Біз Алатау мен Наурызбай аудандарындағы №164 және №61 мектептерге жапсарлас нысан салу үшін қаражат бөлуді жоспарлап қойдық. Бұл мектептің толыққанды ғимараты болады және бұл мектеп сыйымдылығын екі есе арттыруға және білім сапасын көтеруге септігін тигізеді деген үміттемін», - деп атап өтті қала әкімі.

Мұнан бөлек, қала бюджетінен мектепке дейінгі мекемелерді ағымдық жөндеуге және қаладағы 17 мемлекеттік балабақшаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаражат бөлу көзделген.

Авторы: Гүлзат Сахова

Соңғы жаңалықтар