Балалардың 2,7 пайызы білім беру процесіне ерекше көзқарасты талап етеді - сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасында инклюзивті және арнайы білім берудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, сондай-ақ еліміздің заңнамасын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция қағидаттарына сәйкес келтіру жөніндегі міндеттер шешілетін болады.

Осы заң қабылданған кезде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытатын ұйымдар білім беру бағдарламаларын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктеріне және әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бейімдеуі тиіс.

«Біздің елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 162 мыңнан астам бала немесе балалардың жалпы санының 2,7%-ы білім беру процесіне ерекше көзқарасты талап етеді. Заң жобасы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық акт болып саналады және оны қабылдау инклюзивті білім беруді сапалы жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға мүмкіндік береді», - деді комитет хатшысы Нариман Төреғалиев.


Соңғы жаңалықтар