Балаларды өртенген көліктен шығарып алған елорда тұрғыны марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда ТЖД басшысының орынбасары Сабит Битаев өрт кезінде ерлік көрсеткен қала тұрғынын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының 55 жастағы тұрғыны Болат Иманбеков, ТЖД басшысы Б.Сыздықовтың алғыс хатымен марапатталды.

Естеріңізде сала кетейік, 17 мамыр сағат 11.50-де Дүкенұлы көшесінде автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.

Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері сағат 11.55 минутта оқиға орнына келіп жеткенде «Nissan-Terrano» маркалы көлігі жанып жатқан. Өрт сағат 11.59 минутта ауыздықталып, сағат 12.02 толықтай сөндірілді. Өрт қозғалтқыш бөлігінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Жалынды сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД жеке құрамынан 12 адам және екі техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртеніп жатқан автосалоннан көлік жанынан өтіп бара жатқан Болат Иманбеков 5 және 6 жасар баланы құтқарып қалды. Ол жалын шарпыған автокөлікке қарай жүгіріп келгенде, ішінде қалған екі кішкентай баланы көрген. Көп ойланбастан балаларды құтқаруға кірісті. Жанып жатқан көліктің терезесі ашық болған, Болат балаларды дереу терезеден шығарып алды. Олар көлікте үлкендердің қарауынсыз қалған. Аналары дүкенге кеткен.
Соңғы жаңалықтар