Балаларды оңалту орталығының директоры қарамағындағылардан ақша алып келген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған орталық директоры пара алғанын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты.

«Ұлттық бюроның Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған орталығы» КМК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол 2018 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерлерден 1,6 млн теңге пара алып келген», - деді Жанна Бастарова Астанада өткен брифингте.

Ресми өкілдің айтуынша, тергеу амалдары барысында аталған лауазымды тұлға кінәсін толық мойындады.

Соңғы жаңалықтар