Балаларды құрбандыққа шалатын секта жөнінде жалған ақпарат таратқан бойжеткенге қатысты қылмыстық іс қозғалды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында балаларды ұрлайтын секта жөнінде әлеуметтік желіге жалған ақпарат таратқан 20 жастағы қыз ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында құқық қорғау органдарына Бұланды ауданының тұрғыны азаматша 12 жасар қызын белгісіз ер адам қорқытты деп хабарлаған.

Тексеріс барысында аталған факті расталмады. Кейін белгілі болғандай, жасөспірім мектептегі сабағынан кешігіп қалғандықтан жалған сөйлеген.

Дәл, осындай арызбен аудандық ІІБ Макинск қаласының тағы бір тұрғыны келген. Арызданушының айтуынша, белгісіз адамдар оның 11 жасар ұлын ұрламақ болған. Бұл ақпарат та шындыққа жанаспады.

Бала ұрлау фактілері «Одноклассники» және мобильді мессенджер «Whats App» тәрізді әлеуметтік желілерде Ақмола облысы аумағында құрбандық шалу үшін 2-15 жас аралығындағы балаларды ұрлаумен айналысатын сектаның жұмыс істейтіндігі жөніндегі ақпараттың тарауына арқау болған.

Тексеріс барысында Шортанды ауданының тұрғыны 1995 жылғы қыз ұсталды. Ол балаларды ұрлау жөніндегі жалған ақпаратты Макинск қаласында тұратын өзінің анасынан естіп біліп, «Одноклассники» әлеуметтік желісі арқылы таратқан.

Қазіргі кезде бойжеткен өзінің кінәсін толық мойындап, үстінен ҚР ҚК 274 бабын 2 бөлімінің 3 бөлімшесі (жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар