
Балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту көрсеткіші 40%-дан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту көрсеткіші 40%-дан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), оңалту орталықтары мен логопедиялық орталықтар желісін кеңейту ықпал етіп жатыр.
«Былтыр орталықтарға 30 мың бала барса, биыл олардың саны 53 мыңға дейін өсті. Қолданыстағы ПМПК-ларды кеңейту және жаңаларын ашудың арқасында арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуды арттыру мүмкін болды. Мысалы, былтыр елімізде 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылған болатын. Енді республикадағы ППТК-ның жалпы саны 211-ге жетті», - деп жазды ведомство.