ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түрме қызметкерлері интернат оқушыларына азық-түлік жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі ОВ 156/1 тергеу изоляторының ұжымы қаладағы мектеп интернаты тәрбиеленушілеріне азық-түлік жеткізді.
«Аталмыш түзеу мекемесінің қызметкерлері үнемі қайырымдылықпен айналысады. 2022 жылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай бұл жолы интернат оқушыларына көмек көрсету жайлы шешім қабылданған», - делінген ақпаратта.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің қамқорлығына риза болған мектеп директоры Анар Жетібаева өз алғысын жеткізді.
«Мектебімізге түскен психикалық ауытқушылығы бар балалардың 90 пайызы білікті мамандардың арқасында түзеліп шығады. Сондай-ақ түзету мекемесі ұжымының да зор көмегі тиіп жатыр. Балалардың атынан ризашылығымызды білдіремін, – деді ол.