Балалар жылы: Димаш Құдайберген қайырымдылық фестивалінде өнер көрсетеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Балалар жылы аясында «BIZ BIRGEMIZ» кең ауқымды қайырымдылық фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль «Барыс Арена» стадионында 14 желтоқсан күні сағат 19:00-де басталады. Көрермен Қазақстанның танымал әртістерімен қатар, дарынды ерекше орындаушылардың өнеріне куә болады.

Олардың қатарында: Nazima, Кенжебек Жанәбілов (МузАрт), Тамара Асар, Mans&Koba, Mona Songs, ALPHA, AYREE, Данияр Өтеген (Rin’Go), Қазыбек Құрайыш, Бағжан Октябрь, Еркеш Хасен, Ақтоты Болшова, Әлішер Қонысбай, Севда Әлиева, Алтыншаш Мұқатаева, Кенжебек Нұрдолдай, «Қарақат» мектеп-студиясы, «СЕНСИТИВ» сахналық өнерден әлем чемпионатының Гран-при иегерлері. Кеш қонағы – Димаш Құдайберген.

Билет сатудан түскен барлық қаражат церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығына медициналық құрал-жабдық сатып алуға бағытталады.

Фестиваль билеттерін мына сілтеме бойынша сатып алуға болады.


Фото: dimashnews.com


Соңғы жаңалықтар