Балалар үйінің тәрбиеленушілері «Боксшы» фильмін тегін көрді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Боксшы» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Kinopark кинотеатрлар желісі, Magnum Сash&Сarry супермаркеттер желісі және «Я Алмаатинец» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Боксшы» фильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.

Фильм басталмас бұрын ұйымдастырушылар балаларға естелік сыйлықтар сыйлап, тәтті тарту етті.

Фильмнің режиссері Ақан Сатаев пен басты рөлді сомдаған актер Смадияр Сабыров балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Естеріңізге салайық, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев туралы «Боксшы» фильмі үстіміздегі жылы желтоқсан айында прокатқа шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар