Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі екі жылдан бері Ақтөбе вокзалын паналап жүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі Сергей Кандыба екі жылдан бері Ақтөбе теміржол вокзалын паналап жүр. 25 жастағы жігіттің жеке куәлігі жоқ.

Сол себепті тұрақты жұмыс істей алмай, әркімнің жүк дорбасын тасып, жан сақтап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сергей Кандыба Ақтөбе облысы, Алға ауданындағы Тамды балалар үйінде тәрбиеленген. Ата-анасы тірі, бірақ баласынан бас тартқан. Сергей балалар үйін 21 жасына дейін паналап, кейін әкесі мен анасын тауып алады. Жеке куәлік дайындау үшін олардың құжаттарын жинап, барлық көшірмені аудандық ішкі істер бөліміне тапсырған. Бірақ арада үш жыл өткенімен, құжат әлі дайын емес. Ал Сергей Кандыба жазда егін шаруашылығындағы жалдамалы жұмыстарды істеп, қыста теміржол вокзалын паналауды әдетке айналдырған. Оны бәрі таниды, қоғамдық тәртіпті бұзбаған соң полиция жазалаған емес.
null  

«Мен еркін жатып, ұйықтаған емеспін. Вокзал ішінде 10-15 минут көз іліп, кейін сол жердегі тірлікті бақылап отырамын. Пойыздардың жүру кестесін жатқа білемін. Екі жылдық өмірім осылай өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері алғашқы кезде сұрады, бақылады. Тәртіп бұзбаған соң олар маған ескерту жасамайды»,- дейді Сергей Кандыба.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі жеке куәлігін жасатып, жұмысқа орналасуды армандайды.

«Сол кезде тұрақты жұмысқа орналасып, пәтер жалдап, отбасы құруға мүмкіндік болар еді. Жазда көкөніс пен жеміс-жидек егетін шаруашылықта жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істедім. Маған айына 30 мың теңге ақша берді. Бұл тамағыма жететін еді. Қазір вокзал ішінде жолаушылардың жүк дорбасын көтеріп, сол қызметіме аз ақша аламын. Күніне 200-500 теңге табамын. Бұл тамағыма жетеді»,- дейді С.Кандыба. 

Соңғы жаңалықтар