Балалар үйінен қашып кеткен қарағандылық жасөспірім табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Теміртау қаласында SOS балалар ауылынан қашып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрт күн бойы жүргізілген іздестіру шарасының нәтижесінде полиция қызметкерлері, еріктілер мен әскери қызметшілер Артем Сеньконы тапты.

Жасөспірім Теміртау қаласының көшесінен табылды.

«Биылғы 8 шілдеде Теміртау қаласының көшелерінің бірінен балалар үйінің тәрбиеленушісі Артем Сенько табылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері баланың қашып кету себебін анықтауда», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 14 жастағы жасөспірім 4 шілдеде SOS балалар ауылынан кетіп қалған. Оны іздестіруге ішкі істер органдарының жеке құрамы, волонтерлер, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар