Балалар үйіндегі бүлдіршіндер модельге айналды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Жетімін жәудіретпеген Қазақстан» жобасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Бұл шара «Мейірім» қайырымдылық ұйымының қолдауымен өтті.

Жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер белгілі қазақ дизайнерлерінің киімдерін киіп, сән үлгісін көрсетті.

«Отбасы, ата-анасы жоқ балалардың бары барлық заңдылықтардың бұзылғанын көрсетеді. Бір жағынан соңғы жылдары бала асырап алу көбейіп бара жатқаны қуантады. Соңғы 10 айда балалар үйіндегі бүлдіршіндер саны 10 пайызға қысқарды», - деді 10 баланы қамқорлығына алған әке Мұрат Қобылбаев.

Іс шара барысында Мұрат Қобылбаев «Аспанды көрсетші» кітабының тұсаукесерін өткізді. Бұл туындыда 4 жыл ішінде отбасының қалыптасу кезеңі, түрлі қиындықтары суреттелген.

«Дом» қайырымдылық ұйымының демеушісі болып отырған «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының өкілі Нұрлан Оразалиевтің айтуынша, «Жетімін жәудіретпеген Қазақстан», «Аутизмді жеңеміз», «Балаларға өмір сыйла» жобаларын жүзеге асыру үшін 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Аталған жобалар 2006 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 2012 жылдың шілдесінен бастап «Дом» қайырымдылық қоры мен БҒМ бала құқығын қорғау комитеті бірігіп www.usynovite.kz порталын іске қосты. Жаңа ақпараттық портал арқылы 416 бала отбасы тәрбиесіне берілді.

Қайырымдылық мерекесіне отандық шоу-бизнес өкілдері, әлемдік спорт жұлдыздары қатысты.

Соңғы жаңалықтар