Балалар уланбастан бір күн бұрын Қарашығанақтан күкіртсутегі ауаға тараған - БҚО прокуроры

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы Березов ауылындағы шәкірттердің жаппай улануынан бір күн бұрын, яғни 27 қарашада сағат 14.19-да газ өңдейтін ГП-3 қондырғысынан күкіртсутегі апатты жағдайда ауаға тараған. Бұл туралы бүгін облыс прокуроры Серік Қараманов мәлім етті.

Оның айтуынша, мұндай жағдай газды жер қыртысына қысыммен кері айдайтын компрессордың істен шығуы салдарынан орын алған. Оған қоса прокуратура органдары кеніш аумағында қарашаның 17-сі, 18-і, 25-і және 27-сі күндері ауадағы зиянды қалдықтардың мүмкін болатын шектен асып кеткендігін анықтады. Тағы бір айта кетерлігі, Березов ауылында орнатылған экологиялық мониторинг жүргізетін екі стансаның біреуі жұмыс істемейтін болып шықты.

«Күні бүгін біз ҚР Бас прокуратурасының санкциясын алып, «ҚПО б.в.» компаниясын кешенді тексергелі жатырмыз. Бұл жұмысқа арнайы бірнеше құзырлы мекемелер тартылатын болады. Қылмыстық іс қозғалып, қажетті сынамалар алынып, сараптамалар жүргізілуде», - деді С.Қараманов.

Соңғы жаңалықтар