Балалар тауарлары қауымдастығы депутат Балиеваның сынына жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен «Бала мен кәсіпкерлік» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» кезінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлеген Балалар тауарлары қауымдастығының жетекшісі Дарья Гайденрайx депутат Балиеваның сынына жауап берді. Алайда ол кезде xалық қалаулысы асығып, басқа шараға кетіп қалған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, Зағипа Яxьяқызының кетіп қалғаны өкінішті-ақ. Себебі жаңа ғана ол Қазақстандағы ойыншықтардың сапасы төмен, еліміздің күл-қоқыс жәшігіне айналғаны туралы қатты айтты. Мен ондай пікірмен келсіпеймін. Иә, ойыншықтарды заңсыз әкеліп сату фактілері бар. Оны ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Бұдан бөлек, бізде 50 шаршы метрден аз сауда орындарын тексеруге рұқсат жоқ. Алайда дәл сол жерде заңсыз тауарларды сату жұмысы жүргізіледі. Бәлкім, депутат осындай ойыншықтар жайында айтқан шығар. Дегенмен, ресми дүкендерде балалар ойыншықтарының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Ондай сауда орындары бар бізде. Оларға кір келтіруге болмайды», - деп атап көрсетті Д.Гайденрайx.

Айта кетейік, отырыстың басында Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева: «Қазақстан ойыншықтардың күл-қоқыс жәшігіне айналды», - деп мәлімдеді.

Балиева өз қызметіне шындап кіріскен тәрізді. Депутат балаларды өз құқықтарын білуге, пайдалы және зиянды тамақты ажыратуға, тіпті Coca-Cola-ны ішпеуге үйретпекші. «Сонымен, барлығымыз бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. Енді, мен еліміздегі балалардың екінші анасы боламын. Бірден айтайын, менің мінезім бар. Ешкімге тыныштық бермеймін», - деп атап көрсетті З.Балиева.  

Соңғы жаңалықтар