Балалар Роза Рымбаева, Маржан Арапбаева, Майра Мұхаметқызымен бірге ән шырқады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» Орталық концерт залында «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының үшінші маусымы басталды. Биыл бұл байқау Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздегі балалар арасындағы ең ауқымды ән байқауларының бірін Әлия Назарбаева атындағы «Жандану әлемі» қоры өткізуде. Байқау сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен ұйымдастырылып жатыр.

Жаңа маусымның ашылуы биыл тұңғыш рет елордада өтті. «Бала дауысы Астана жүрегінде» атты мерекелік концерттік бағдарламада еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас өрендер өздерінің вокалдық мүмкіндіктерін паш етті. Жас әншілер Роза Рымбаева, Маржан Арапбаева, Майра Мұхаметқызы, Жеңіс Сейдоллаұлы қатарлы белгілі әншілермен бірге ән шырқады.
null

Кешке келген қонақтар балалардың орындауындағы халық әндерін, әлемдік хиттер мен авторлық композицияларды тыңдады. Бұл жолғы конйет хореграфиялық қойылымдармен, жарқын шоумен елдің есінде қалары анық. Астанадағы сазнада осы жолы шетелден келген танымал әншілер өнерін көрсетті. Атап айтқанда, Қырғызстаннан келген «Тұмар» би тобы, белгілі барабаншы Гагаш, YouTube желісінің әйгілі жұлдызы өзбекстандық Жұрабек Жұраев көрерменді өнерімен тәнті етті.

«Бала дауысы-2018» ән байқауына салтанатты түрле дәстүр бойынша Әлия Назарбаева бастап берді. Кешке оқуда және спортта озат болған, ата-аналар мен мұғалімдердің мақтанышына айналған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 2600 оқушы мейман болды.

null

Соңғы жаңалықтар