Балалар өліміне себеп болуы мүмкін деген препарат Қазақстанда сатылмайды - ДСМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті шу болып жатқан «ДОК-1 Макс» препаратына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік желілерде және БАҚ-да Өзбекстан Республикасында «ДОК-1 Макс» препаратының таблеткалары мен сиропын қабылдаудың ауыр зардаптары, оның ішінде 18 баланың қайтыс болуы туралы ақпарат кеңінен таралуда. Ақпараттық порталда «Ratel.kz» жарияланған Қазақстанда «ДОК-1 Макс» препаратын сату туралы мақала шындыққа сәйкес келмейді.«ДОК-1 МАКС» препараты Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген және тиісінше сатылмайды», - делінген хабарламада.

Комиттің мәліметінше, бұған дейін дәріхана желілерінің сайттарында препараттың болуы туралы ұқсас ақпарат барған болатын, алайда кәсіпкерлік субъектілері тарапынан бұл хабарламалардың жалған екендігі туралы ресми түсіндірме хаттар алынды. «ДОК-1 МАКС» сауда атауы бар препарат дәріхана желісінің қолында және сатылымында жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін «Док-1 Мак» препараты Өзбекстанда қайтыс болған 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Кейін бұл дәрінің Қазақстанда тіркелмегені айтылды.
Соңғы жаңалықтар