Балалар мүгедектігін түрлі топтарға бөлу қажет - Мәдина Әбілқасымова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова балалар мүгедектігін түрлі санаттарға бөлуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың мүгедектігін анықтау тәсілдерін өзгерту мәселесі өзекті болып отыр. Қазіргі уақытта 16 жасқа дейінгі балалардың барлығы «мүгедек бала» санатына жатқызылады. 16-18 жас аралығында ғана балалардың мүгедектігі топтарға бөліне бастайды. Ағза жұмысының жағдайына қарап, балалардың да мүгедектігін түрлі санаттарға бөлу қажет», - деді Мәдина Әбілқасымова мүгедектер құқығы мәселелеріне арналған семинар-жиналыста.

Осылайша, мүгедектіктің бірінші, екінші және үшінші тобындағы балаларға сәйкес көмек көрсетіледі.

«Мүгедектіктің де түрлі деңгейі бар. Ауытқушылықпен туған балалар бар, жүре келе мүгедек болғандар бар. Мәселен, церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға тұрақты күтім қажет, оны анасы көтереді, киіндіреді, алып жүреді. Немесе бала бір көзінен айырылуы мүмкін. Оған протез салынады, ал қалған мүшелері аман-сау, өзі жүріп-тұра алатын баланы өзге мүмкіндігі шектеулі балаалрмен қатар қоюға болмайды. Сондықтан, балалар мүгедектігін түрлі топтарға бөлу қажет», - деп түсіндірді вице-министр Светлана Жақыпова журналистерге берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар