USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Балалар коронавируспен жиі ауыра бастады- дәрігер

2021 жылғы 19 қараша 17:08
Бөлісіңіз:
Балалар коронавируспен жиі ауыра бастады- дәрігер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының №15 емханасының дәрігері Мөлдір Әкімжан Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында балалар мутацияланған «дельта» нұсқаның пайда болуына байланысты коронавируспен жиі ауыра бастағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы жағдай тұрақталды – полиция департаменті Зардап шеккендердің қарызын кейінге қалдырудың 2 нұсқасы ұсынылады – агенттік Алматыда биыл 50 мың жаңа жұмыс орны ашылады

«Балалар ересектерге, қарттарға вирус жұқтырады, олар үшін вирус өте қауіпті. Сондай-ақ, кез келген инфекция бір жасқа дейінгі сәбилерге қауіп төндіреді. Сондықтан, егер отбасында кішкентай нәресте болса, оны айналасындағылардың бәрі COVID-19-ға қарсы егілгені жөн. Коронавирус балаларда жиі ауыр болатынын түсіну керек. Пандемия басталғаннан бері әлемде 9 мың бала осы аурудан қайтыс болды», - деді дәрігер.

Педиатрдың айтуынша, ауру кезінде кейбір балаларда асқынулар болуы мүмкін, мысалы, көп жүйелі қабыну синдромы, ұзаққа созылған жоғары дене қызуы.

Дәрігер вакциналанған адамдардың саны неғұрлым көп болса, вирустың таралуы мен мутация ықтималдығы аз болатындығын тілге тиек етті. «Дельта» - балаларға бастапқы «Ухань» вирусына қарағанда жиі жұғады.

Мөлдір Әкімжан созылмалы аурулары бар балаларды вакциналау өте маңызды екенін айтты.

Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, Алматыда 2 947 жасөспірім вакцина салдырды.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT