Балалар колониясының тәрбиеленушілері жақындарымен Skуpe арқылы сөйлесіп тұрмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Балалар колониясының тәрбиеленушілері жақындарымен Skуpe арқылы тілдесіп тұратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының прокурорлары Қылмыстық атқару жүйесі департаментімен біріге отырып, ЛА-155/6 балалар колониясын аралап, түйткілді мәселелерді анықтап көрді.

Олардың бірі - шалғай өңірлерден түскен балалардың материалдық қиыншылықтар мен үлкен қашықтыққа байланысты туғандарымен кездесуі қиынға түсуде.

Бұл мекемеде Қазақстанның түкпір-түкпірінен тәртібі қиын жасөспірімдер тәрбиеленіп жатыр.

Прокурорлардың тапсырмасымен енді колония тәрбиеленушілері жақындарымен видеокездесу арқылы сөйлесіп тұратын болды.

Алайда, барлық отбасында компьютер жоқ. Ондай отбасылар тұрғылықты жерге жақын Қазпошта бөліміне барып сөйлесе алады.

«Бұл жұмыс қамаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қоғамда құқықтық тәртіпті сақтауға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған», - деді прокуратурадан.

Соңғы жаңалықтар