Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 364.95 EUR 416.99
RUB 5.55 CNY 52.58
Jańalyqtar

Балалар қандай заттарды жұтып қояды

2018 жылғы 8 қараша 08:49 340
Бөлісіңіз:
Балалар қандай заттарды жұтып қояды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы №2 қалалық ауруханада «Балалар жұтып қойған бөгде заттар» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда диабетпен ауыратындар саны артты Денсаулық сақтау министрлігі ішімдікпен күресуге қосымша қаражат бөледі

Дәрігерлердің айтуынша, көбінде 5 жасқа дейінгі балалар әрдеңені жұтып қоя береді. Дегенмен, ауруханаға 15 жастағы жасөспірімдер де түсіп жатады. Бір жаманы, зардап шегуші балалар саны жыл санап артып келеді. Өткен жылы осындай 159 жағдай кездессе, биылғы 10 айдың өзінде осынша бала ем іздеп, ауруханаға жүгінген.

Балалар көп жағдайда ұсақ тұрмыстық заттарды, ойыншық бөлшектерін жұтып қояды. Бірақ оның ішінде батарейка, магнит, шеге секілді өткір әрі қауіпті заттар да кездеседі.


Балалар қандай заттарды жұтып қояды

Дәрігерлер атап өткендей, әртүрлі заттар баланың асқазан-ішек жолдарына, отоларингологиялық органдарға, жоғарғы тыныс жолдарына тап болады. Тіпті көзіне барып түсетін жағдайлар да кездеседі. Ал тыныс жолдарына тап болған кезде ол кез келген органға - мұрынға, көмейге, трахеяға, кеңірдекке, өкпеқап қуысының тініне барып түсуі мүмкін. Ең қиыны - көмей мен трахеяға түскен бөгде зат. Ол жағдайда баланың тыныс алуы қиындайды. Шұғыл көмек көрсетпесе, 1-2 минуттың ішінде бала өліп кетуі мүмкін.

№2 қалалық аурухана бала ағзасынан алынған заттардың кішігірім көрмесін де әзірлепті. Себебі, брифинг мақсаты - бала денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қаперде ұстауды ересектердің есіне салу.  

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Астана, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT