Балалар Еуровидениесі байқауының жеңімпазы белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Минск Аренада өтіп жатқан «Балалар Еуровидениесі - 2018» байқауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы байқауға 20 елден жас орындаушылар қатысқан болатын. Бұл конкурста Қазақстан алғаш рет бақ сынап отыр. Сайтта берілген дауыстардың барлығы ескеріліп, олар ұпай ретінде есептелді. Көрерменнің онлайн дауыс беруі барысында жиналған ұпайлар - қатысушыға берілген бағаның жартысы ғана, одан бөлек әр елден келген әділқазы алқасы (алқа құрамында 3 ересек, 2 бала болады) да ұпай беріп, конкурсанттың өнерін бағалайды.

Финалда әр елдің өкілдері әділқазы алқасы мүшелерінің қалай дауыс бергенін жариялап отырды. Айталық, Қазақстан өзінің 12 ұпайын (максималды дауыс саны) «Doma» әнін нақышына келтіріп орындаған македониялық үміткер Мария Спасовскаяға берді. Әділқазылар берген 68 ұпаймен қазақстандық Данэлия Төлешова 8-орында болды.

Телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Данэлия 103 ұпай жинады. Бұл көрерменнің дауыс беру көрсеткішінде 3-орынды білдіреді. Дауыс саны мен әділқазы алқасы берген ұпай саны бойынша қазақстандық қатысушы 171 ұпаймен 6-орынға тұрақтады.

Балалар Еуровидениесі байқауында бас жүлдені 215 ұпай жинаған польшалық Роксана Венгель жеңіп алды. Оның ішінде 136 ұпай - көрермендер берген дауыс санының үлесі.

Біз мұның алдында жеребе бойынша қазақстандық үміткер Данэлия Төлешова үшінші болып өнер көрсететінін жазған едік. Ал оның қалай ән шырқағанын мына жерден оқуға болады.null 

Фото: belta.by

Соңғы жаңалықтар