Балалар Еуровидениесі байқауы Польшада өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Балалар Еуровидениесі-2019» ән байқауы Польшадағы Краков қаласында өтеді. Бұл туралы Еуропалық хабар тарату одағының бас директоры, ирландық Ноэль Курран мәлім етті, деп хабарлайды Eurofestivalnews.com.

Еске сала кетсек, Польшаның жас әншісі Роксана Венгель халықаралық «Балалар Еуровидениесі - 2018» ән байқауында бірінші орын алған еді. Финалдық бәсеке өткен жылы 25 қарашада Минскіде өткен болатын.null

Польша Балалар Еуровидениесін тұңғыш рет қабылдағалы отыр. Алдын ала мәлім болғандай, конкурс 15 мың адамға есептелген Tauron Arena стадионында өтеді.

Соңғы жаңалықтар